Нұр-Сұлтан мен бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде және күндізбасым бөлігінде 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында түнде жәнетаңертең күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстанжел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

2тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқаауысады, жел екпіні - 15-20, 23 м/с.

Осы күні Түркістанқаласында кей уақытта шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан желсолтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр.

2 тамыз күндіз Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел қарқыны - 15-20 м/с жетеді.

2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні түнде кей жерлерде және күндіз 15-20 м/с дейінкүшейеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстансоққан желдің екпіні - 15-20 м/с.