Нұр-Сұлтан мен өзге төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» мәліметінше, тек 5 қалада – Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Шымкентте ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.