Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалалаларында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 8 сәуірде Нұр-Сұлтан, Павлодар қалалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.