Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады.

Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол.

Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған.

Айта кетейік, кешеден бері Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар жолдары жабылған болатын.