Нұр-Сұлтан Орталық Азияда бірінші болып Гарвард конференциясын өткізеді
Гарвардуниверситетінің өнер және ғылым мектебі мен Назарбаев Университетінің студенттері бірлесіпұйымдастыратын конференция бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық мәселелерді қозғайды.
НазарбаевУниверситетінде болатын алдағы конференцияның негізгітақырыбы – «Өзгерістерге ұмтылыс». Осы іс-шара аясында 6 түрлі бағыттағысеминар мен пленарлық сессия өтеді. Атап айтқанда, ғаламдық және экономика,көркемөнер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет, әлеуметтік саясат және әділет,энергетика және экологиялық тұрақтылық, басқару және геосаясат, ғылымитехнологиялар тақырыбы қаузалады.
Десе де,конференцияның негізгі тақырыбы – цифрландыру немесе цифрлық түрлендіругебайланысты болмақ. Цифрландырудың соңғы тенденциясы деректер мен технологияларәлемі үшін жаңа тарауды бастағаны мәлім. Мемлекеттік және жеке деңгейде жүзегеасырылатын стратегиялар көбінесе деректерден бастау алады.
«Осыконференцияның мақсаты – трансформация, санамызды өзгерту және дәстүрліәдістерден алыстау, сонымен қатар, жаңа сандық технологияларды қолдана отырыпдамудың жаңа деңгейіне көшу»,- дейді ұйымдастырушылар.
«АлғашындаHPAIR Asia 2019 конференциясын Қазақстанда өткізу мақсатында былтыр 5 адамнан тұратын кішігірім топ құрылғанболатын. Бірақ, қазіргі таңда ол топ толықтырылып, бүгінде ұйымдастырушыкомитеттің құрамына Назарбаев Университетінің 28 студенті енді. Бұл жобаны іскеасыру барысында өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Алғашқы жарты жылда тобымызхалықаралық конференцияны елордаға алып келу үшін өтініш өткіздік. Қазақстаннанбасқа Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань елдері секілді бірнеше мемлекет өтінішбілдірген болатын. Алайда шешуші кезеңге Қазақстан мен Қытай өтті. Ақыры, осыжылдың ақпан айында Қазақстанның жеңіске жеткені белгілі болды», - деді HPAIRAsia 2019 конференциясының атқарушы директорының орынбасары Ырымгүл ЫбрайымоваНазарбаев Университетінде өткен баспасөз мәслихатында.
Конференцияғахалықаралық компаниялардың басшылары, белгілі ықпалды адамдар, түрлі саладағықоғам қайраткерлері келгелі отыр. Олардың қатарында UNICEF Корея президенті,доктор Сонг Сан Хен, Үндістанның экс-сыртқы істер министрі Нирупама Рао, ТаяуШығыстағы және Солтүстік Африкадағы ғаламдық нарықтар бойынша StandardChartered Bank-тің экс-басшысы Дэниэл Ацци, Нобель сыйлығының лауреаты Рае КвонЧунг, McKinsey & Company компаниясының аға серіктесі және McKinseyДүниежүзілік институтының директоры Джонатан Вотцель, World Bank Group-тың бастехникалық директоры Лесли Го, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Сингапурдан шыққан Bain& Company серіктесі Тилл Вестеринг, Халықаралық валюта қорының Азия-Тынықмұхиты аймақтық кеңсесінің директоры Чикахаса Суми, Индонезия инфрақұрлыминститутының төрағасы және Индонезияның экс-қаржы министрі Чатиб Басри,Вашингтондағы CNN, Нью-Йорктегі ABC News, Станбұлдағы News News Asia, БерлиндегіDeutsche Welle TV бар. Ал Қазақстан тарапынан бұрынғы Білім және ғылым министріЕрлан Сағадиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев,Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің дирекоры ЕскендірАқылбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және т.б тұлғалар сөзсөйлейді.
Ұйымдастырушылардыңайтуынша, конференцияның өткізілуіне «Казцинк» ЖШС, ERG, Chevron және Microsoftкомпаниялары қолдау білдіріп отыр. Конференция студенттік сипатта болғаннанкейін танымал спикерлердің бәрі тегін келетін көрінеді.