Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Плиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз.
Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның төмендегі көрсетілген байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Нұр-Сұлтан ПД - 71-61-70;
«Алматы» ауданы ПБ - 71-67-37;
«Сарыарқа» ауданы ПБ - 71-66-46;
«Есіл» ауданы ПБ - 71-65-61;
«Байқоңыр» ауданы ПБ - 20-22-87.