«Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінің 18-231 шақырымы аралығында жол жабыны қалпына келтірілді. Жол тазаланып, көктайғақ жойылғандықтан сағат 11:30-дан бастап жол қозғалысы барлық автокөліктер үшін ашық», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, таңертең «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолы көктайғаққа байланысты жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу қойылған болатын.