Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұмада еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.