«21 маусым күні кешкі уақытта қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына көп қабатты ғимараттан құлаған ер адам туралы қоңырау түсті. Дәрігерлер тобы дереу оқиға орнына жетті. 1989 жылы туған ер адам №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаты салдарынан ол қайтыс болды», - деп хабарлайды басқармадан.
Дәл сол күні сол мекенжайда тағы бір осындай оқиға тіркелген.
«Көп қабатты үйден әйел адам құлаған. 1986 жылы туған әйел №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған. Бас сүйек-ми жарақатын алған. Барлық қажетті медициналық көмек толық көрсетілді, ол палатада жатыр», - делінген хабарламада.