Нұр-Сұлтанда 8 наурыз күні 59 нәресте дүниеге келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 23 қыз бен 36 ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сәбилер мен олардың аналарының жағдайы ойдағыдай.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа туған нәрестелер жайлы мәліметтерді қаладағы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынған.

Айта кету керек, 8 наурыз күні жаңа туған нәрестелерді құттықтау биыл алғаш рет өтті.

Қала басшылығы барлық балалар мен олардың аналарын құттықтап, елорда әкімінің атынан құттықтау хаттар мен жаңа туған нәрестелерге арба сыйға тартты.