Көлік иелері полицияға хабарласқан соң, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол жүру бағыттарын тексерді және екі күдіктіні ұстады. Аумақтық полиция басқармасына жеткізілген 31-32 жастағы қаскүнемдер қылмысты мойындаған.
Сонымен бірге, күдіктілердің күзет дабылы жоқ автокөліктерді арнайы іздегені анықталды. Олар есікті бұзып салонға кірген және капотты ашқан. Аккумуляторды күртеге орап, қашып бара жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Автокөліктердің ұрлануын болдырмау үшін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бірқатар кеңес береді:
- түнгі уақытта аккумуляторлық батареяларды автокөлікте қалдырмаңыз;
- автокөліктің құлыпталғанына немесе күзет дабылы қойылғанына көз жеткізіңіз;
- көлікті бейнебақылау камералары бар немесе күзетілетін автотұрақтарға қойыңыз;