Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен, 2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00 бастап 16:00 дейін шектеледі», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.