«Қазгидромет» РМК мәліметінше, мамырдың 26-і күні атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Cұлтан қаласында болжанады.
Өзге қалаларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.