Нұр-Сұлтанда ауқымды кітап фестивалі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ауқымды «KITAP FEST - 2019» кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Фестивальді«BAURZHAN» жеке қоры, «ABAYbooks» баспа үйі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астанажастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қолдауымен ұйымдастырады.

«KITAP FEST» кітап фестивалі Алматы қаласында 5 жылқатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында фестиваль шағын кітапалмасу дәстүрінен қаланың ауқымды мәдени-танымдық іс-шарасына айналып, халықтыңықыласына бөленіп үлгерді.

Жыл сайын кітап фестивалі мыңдаған кітапсүйерқауымды, талантты ақын-жазушылар мен табысты блогерлерді, қоғам қайраткерлерімен белсенділерінің басын біріктіреді.

5 жыл ішінде «KITAP FEST» алаңында авторлар менбаспа үйлерінің қатысуымен 130-дан астам кітаптың таныстырылымы өтті,қонақтарға 20 мыңға жуық кітап сыйланды, 70-тен аса кітап дүкені жәрмеңкегеқатысып, 45 блогер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті.

Тұңғыш рет өтетін фестиваль Нұр-Сұлтан қаласыныңкітапсүйер қауымын қуантпақ.

«KITAP FEST» фестивалі 25 тамыз күні сағат10:00-19:00 аралығында Арбатта (Есіл өзенінің жағалауы) өтеді.

Соңғы жаңалықтар