Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31шілдесі аралығында қабылданады (I кезең).
«Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға көпбалалыотбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасысанаттарында кезекте тұрғандар қатыса алады. Бұдан басқа, бағдарламаныңшарттары бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42500 теңгеден аспауытиіс. Несиелеудің ең көп сомасы 15 млн.теңгені құрайды. Несие мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна - тұрғын үйқұнының 10% мөлшерінде. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуғаболады. Бұл ретте бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңгемөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуғаарналған»,-делінген хабарламада.
Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек: Тұрғын үй қорынанжолдама алу (Р. Қошқарбаев д-ы, 39); Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзініңтөлем қабілеттілігін растау; Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда Сізді 1млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынажолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының10% бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруіүшін жолығулары қажет.