Азаматтық, қызметтік және марапат қаруы иелерін тексеру ұйымдастырылды. Тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз айналымнан анықтау және тәркілеу бойынша шаралар жүргізілуде.
Алдын алу шаралараның екі күні ішінде 1 300 қару иелері тексерілді, қаруды сақтау және алып жүру тәртібін бұзудың 16 фактісі, қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу бойынша 14 факті анықталды. Одан бөлек, тіркелген қару айналымы талабының бұзылуына байланысты 46 қару тәркіленді.
Рейд барысында «Зеленая роща» саяжай қоғамында полицейлер 21 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Тексеру кезінде азаматтың күртесінің қалтасынан тапанша табылды.
Газ тапаншасының ұңғыны ауыстыру арқылы қайта жасалғаны анықталды. Бұл патрондармен жарақат салатын тапанша сияқты атуға мүмкіндік береді. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.