«Әйел Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы көпірге жете бергенде басына көк пакет киген ер адамды байқаған. Белгісіз еркек жолын кес-кестеп, ұрып-соғып, тонап кеткен. Әйел әмиянындағы барлық қолма-қол ақшаны – 3 мың теңгені шығарып берген. Кейін ол белгісіз жаққа кеткен», - делінген хабарламада.
Видеода көрсетілгендей, қаскүнем басынан пакетті шешіп, қашып кеткен. Полиция қызметкерлерінің 1988 жылғы күдіктіні 15 минутта ұстады. Бұған дейін оның осындай қылмыс жасап, сотталғаны белгілі болды.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 191-бабы «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр. Осы адамнан зардап шеккен азаматтарды Алматы аудандық полиция бөліміне (Бөрілі көшесі 18-үй) немесе 8 (7172) 97-28-88, «102» қызметіне хабарласуын сұрайды.