НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мен Туымды мақтан етемін» акциясы аясында елордада «Қазақстан темір жолы» ғимаратынан Мемлекеттік Ту көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мемлекеттік Ту аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады.
Әлеуметтік желі қолданушылары «Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен суреттерін жариялап жатыр.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.