Сарыарқа ауданында «EL classico» ойын клубы мен «Nirvana» түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ.
Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Достар» ойын клубы, «Малена» және «Панаехали» барлары енді.
Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан «Tequila» және «Ray Bar» барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеген.
Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында да карантин бұзылды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек. Өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.