«Субұрқақты тұмшалауға және қайта ашуға - 38 млн теңге. Біз өткен жылы әдемі имидждік субұрқаққа өте қомақты қаржы бөлдік. Бірақ, біз жыл сайын 38 млн теңге бөлетін болсақ, онда мұндай субұрқақтың қажеті қанша?» - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.
Айта кетерлігі, қоғамдық кеңес отырысында Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева 2019 жылғы қала бюджеті туралы баяндап, бір субұрқақты қыста тұмшалап, жазда қайта ашқанға 38,6 млн теңге ашқа бөлінгенін айтқан еді.