«Қала тұрғындары үшін таза ауада уақыт өткізе алатын жаңа орындар ашып қана қоймай, қолданыстағы жерлерге де көңіл бөлеміз. Қаланы аралау барысында бірқатар саябаққа бардым.
Мысалы, Есіл өзенінің жағасында Рамстордан Тельман елді мекеніне дейін жарық болған жоқ, қазір онда тумбалар төселді, ұзындығы 4 км кабель тартылып жатыр. Сонымен бірге плиткалар мен төселген тастарды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
Өзен жағасындағы саябақта («Қалалық романс» тұрғын үй кешенінің жағында) балалар мен ересектерге арналған тағы бірнеше аймақ абаттандырылды: төбешіктер, «питон» ойын алаңы (арқан конструкциясы), үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері және т.б. ашылды.
Орталық саябақтың негізгі кіреберісінен (Тұран даңғылы) амфитеатрға дейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Екі жыл ішінде жалпы саны 400 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды.
«Құтқарушылар саябағы» скверінің аумағында балалар мен ересектер аймағы, паркур-алаңы, кедергі жолақтар және т.б. орналасқан.
Сондай-ақ тұрғындар үшін қалада алғаш рет «NS street life» деп аталатын спорт колизейін салдық (Алматы ауданы Мұңайтпасов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы).
Мемлекет басшысы халық арасында бұқаралық спортты дамытуға және белсенді салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі.