«Тексеру комиссиясы тұрақты түрде елорда бюджетітің орындалуына мониторинг жүргізеді. Талдау көрсеткендей, елорда бюджетінің орындалуында елеулі кемшіліктер болған. Мәселен, бюджеттің шығыс бөлігінде өткен жылға қатысты бюджеттің орындалмауының жоғары деңгейі байқалады – 7,2 млрд теңге, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 2,6 млрд теңге болған еді», - деді И. Ақпомбаев Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.
Оның айтуынша, бюджет игерілмеуінің негізгі бөлігі құрылыс басқармасында байқалған. Бюджеттің орындалуы кезінде сын-тәуекелдер анықталмаған және 6 283,1 млн теңгені, оның ішінде дағдарысқа қарсы 3 955,3 млн теңгені игеру бойынша шара қабылданбаған.
Бұған дейін Иманжүсіп Ақпомбаев елордада 107,9 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар болғанын айтқан еді.