Нұр-Сұлтанда елорданың үздік тауарлары анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік іріктеу байқау-көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспорттық комиссия өңірлік тур барысында елордада өндірілетін үздіктауарларды үш номинация: «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халыққа арналғанүздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықтады. Салтанатты шарадаНұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен конкурстың отандық өндіріс тауарларын, сондай-ақ шағын және орта бизнестідамытуда маңыздылығын атап өтті.

«Біз өз еңбегімен бизнесті дамытып жатқан адамдарды көріп, қуанып отырмыз.Бұл аса маңызды, себебі біздің қаламыз да көркейіп, дамып жатыр. Қала басшылығыбіздің тауар өндірушілеріміздің деңгейін арттыруға баса назар аударып отыр.Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен қала тұрғындарына қатысқандары үшіналғыс айтамын. Қалалық әкімдіктің атынан жеңімпаздады құттықтап, толағайтабыстар тілеймін!», - деді Бақтияр Мәкен.


Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов биылконкурс-көрмеге қатысушылар санының рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті.

«Осы жолы көрме-байқауға 100-ден астам астаналық компания қатысты, оның 70%– жаңа қатысушылар! Байқауға телекоммуникациялық жабдықтар, автомобиль жәневагон таразылары, құрғақ құрылыс қосындыларын, спорттық тағамдар мен қолөнерірімшіктерін, сондай-ақ тіс пастасы, балалар киімдері мен ойыншықтары, дайынтағамдар мен кондитерлік өнім өндірушілері қатысып жатыр. Бұл байқау-көрменіНұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр», - деді АлматЖүнісов.

Конкурста төмендегі компаниялар жеңімпаз атанды: «ЗГМ «Пенетрон-Казахстан»ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «Компания «ВЭЛС» ЖШС, «DANMARD» ЖШС, «Қазақ оюлары»ЖШС, «Digital System Servis» ЖШС, «Kazak House» ЖК, «Golden Rill Group» ЖШС,«Алау ТМ» ЖШС.



Соңғы жаңалықтар