«Нұр-Сұлтан қаласында ер адам түн уақытында Біржан сал көшесінде тұрған бірнеше автокөліктің терезесін шаққан. Полиция қызметшілері ізін суытпай Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Ол осы аулада пәтер жалдап тұрып жатқаны анықталды. Өзінің айтуынша, мас күйінде аулада қаңтарулы тұрған 9 көліктің терезесін сындырған.
Қазіргі таңда күдікті полицияға жеткізілді. Оның үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тегеу басталды», - деп жазылған департаменттің дерегінде.
Полицияның мәліметі бойынша, көлік иелеріне келген шығын есептеліп жатыр.