Сағат 21:10 шамасында балалар аттракционының жанында иті бар полиция қызметкеріне жас әйел жүгіріп келіп, кішкентай ұлын жоғалтып алғанын айтқан.
20 минут бойы әйел баланы өз бетінше іздеген, алайда одан нәтиже болмаған.
Әйелдің қолында баланың ойыншығы болды, соның иісімен Феликс баланың ізіне түсті.
10 минуттан кейін төбет іздеу орнынан 300 метр қашықтықтан баланы тауып алды.
Баласымен қауышқан ана полицейлерге алғыс айтты.
Полицияның айтуынша, 2 жасар Феликс қызметін жақында бастаған.
Бұл - оның бірінші сәтті ісі. Иісшіл төбет жақсы жаттыққан, кинологтың нұсқауларын ширақ орындайды.