2019жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауғаарналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады (ЖОО-дың тізімі менмамандықтар тізбесі төменде көрсетілген)
2019 жылғытамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білімберу грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдаубасталады (ЖОО-дың тізімі мен мамандықтартізбесі төменде көрсетілген).
Аталғангранттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша бөлінген жәнеНұр-Сұлтан қаласы мектеп түлектеріне арналған (тек көп балалыотбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларыныңбалалары үшін).
Жоғарыбілімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушітаңдаған жоғары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына төмендегіқұжаттарды тапсыру қажет:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2)білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кездетөлнұсқа);
3) ҰБТ сертификаты (2019жылғы маусымдағы);
4) 086-У нысаны бойыншамедициналық анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) көп балалыотбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларыныңбалалары мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Құжаттар көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтанқаласының түлектері ғана қатыса алады.
Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытатын жоғарыоқу орындарының тізбесі
(құжаттар осы көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады жәнебұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады)
| № | ЖОО атауы | Білім беру бағдарламасының топ номері | Мамандықтар | Жоғары білім бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы | |
| 1. | «Еуразия гуманитарлық институты»жоғары білім беру мекемесі | В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 30 | |
| В002 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 30 | |||
| 2. | «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»акционерлік қоғамы | В057 | Ақпараттық технологиялар | 20 | |
| 3. | «Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | В057 | Ақпараттық технологиялар | 20 | |
| 4. | «Астана»халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 25 | |
| В057 | Ақпараттық технологиялар | 20 | |||
| 5. | «Алматы Менеджмент Университеті»білім беру мекемесі | В093 | Мейрамхана ісі және Мейманхана бизнесі | 20 | |
| Жиыны: | |||||