Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті.
«Елордада жаңа ескерткіштер орнату жоспарда бар. Айтар болсақ, Қаныш Сәтбаевқа, Махатма Гандиге ескерткіш қоямыз. Бүгінде оларды орнататын орын іздестіріліп жатыр. Неге анықталуда? Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз. Сондықтан ескерткіш қоюға болатын жерлер таңдап алынады. Мысалы, Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Қажымұқан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына орнатылса, ыңғайлы болар еді», - деді Н. Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін аталған басқарма басшысы биыл елордада 54 сквер салынатынын мәлім еткен болатын.