«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен елордада жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден астам (8 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша елордадағы қолжетімді тұрғын үйлердің көлемі 3 есе артқан, деп хабарлады қалалық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысы Жан Мырзағали.
Сонымен қатар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін 1 200-ден аса пәтер тапсыруды жоспарлап отыр. 2019 жылы Нұр-Сұлтанда 1 634 пәтер, 141,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және 1 599 пәтер, оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 1 050 пәтер берілді.