«Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда әрине, шектеу шараларын жеңілдету мәселелері шешіледі және коронавирус анықталған жағдайда мектепті емес, сыныптарды немесе тұтас қабатты жабу жоспарлануда. Жапсарлас сыныптар жабылады. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр», - деді спикер елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирус жұқтырудың 2192 жағдайы тіркелген.
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі 30-39 жаста.
Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда.
Ал елордалықтар мамыр айында екпе ала алады.