Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.
Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады.
21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар . Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала.
Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс.