«Биыл Тәуелсіздік даңғылымен Есіл өзенінен өтетін көпір құрылысын бастаймыз. Алдағы екі жылда құрылыс аяқталады. Сонда Мәңгілік ел даңғылындағы көлік кептелісі азайтып, оң және сол жағалауларды қосымша көпірмен жалғаймыз», - деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, биыл 2 көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.
«Көлік жүктемесін азайту үшін қосымша көпірлер салуымыз қажет. Қазір шартты атауы №27 көше әзірленіп жатыр. Онда Жаңа вокзалға қарай Нұра-Есіл каналы мен Есіл өзенінен өтетін екі көпір салынған. Бұл да оң және сол жағалаудардағы көлік кептелісін азайтуға көмектеседі. Биыл барлық құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді елорда әкімі.