Нұр-Сұлтанда көзі нашар көретін балаларға арналған балабақша мен мектеп ашылды
«Елорда күні қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Оның арасында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1) бар. Балалар бұл мекемеге бара бастады.
Балабақшада тәрбиешілермен қатар медицина қызметкерлері де бар. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, бүлдіршіннің жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балаларды мектепте оқытуға дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. кабинеттер бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтудеміз.
Мысалы, өткен жылы №1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды.
Сондай-ақ, «Асыл Мирас», «Erekshe balalar», «Орда» аутизм орталығы, инклюзия кабинеттері сияқты бірқатар ірі оңалту орталығы қолдау тауып, ашылды.
Оңалту орталықтарын жаңа тұрғын үй кешендерінің 1 қабаттарында да ашамыз. Паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.
Елордада алдағы 5 жылға 67 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Оқу орындарының құрылысына да жеке инвестициялар жұмылдырылады», — деп жазды елорда әкімі.