Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі – 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Ал 22-24 наурыз аралығында барлық жолаушылар автобусы қалыпты режимде қайта жұмысқа кіріседі.

Жолаушылар маска режимін сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.