«17 мамыр күні сағат 11:50-де Нұр-Сұлтанның Ы. Дүкенұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ауладағы Nissan-Terrano жеңіл көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген», - деп хабарлады комитет.
Көлік салонында 2014 және 2015 жылы туған екі бала болған. Оларды кездейсоқ куәгер өрт сөндірушілер келгенше құтқарып үлгерді.
Өрт сағат 12:02-де сөндірілді және ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, көліктің қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталу болған.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.