Бұл туралы елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертті.
Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.
Іс-шара «Астана орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.
Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал жарыстың басталатын уақыты – сағат 10.00.
Ұйымдастырушылар велошеру спорт жарысы емес екенін айрықша атап өтті.
Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылған жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз!