«Бала добын алу үшін шарбаққа мінгенде, жабық футбол алаңының үстіненөткен электр желісіне тиіп кеткен. Жасөспірім құлап, «клиникалық өлім» халінетүсті. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл медициналық көмеккөрсетіп, соның арқасында бала есін жиған», - делінген Instagram-дағыAstanovka98 парақшасында.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайының анықталып жатқанынхабарлады.
«12 шілдеде сағат 18.00-де қалалық балалар ауруханасына түрліжарақатпен кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. 13 жасар бала Конституциякөшесінің бойындағы ойын алаңында (футбол алаңы) денесін жарақаттап алған.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полициядепартаменті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.Қажетті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешімқабылданады.