Нұр-Сұлтанда полицей шақалақты өртке оранған үйден алып шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары өртеніп жатқан үйден жаңа туған сәбиді алып шыққан полиция қызметкеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ-нен хабарланғандай, 12 тамыздың түнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғынүй кешендерінің бірінен өрт шыққан. Пәтер иесі Жанар Сәдуақасқызы өз үйінде 14жастағы қызы мен жаңа туған ұлымен отырған. Тілсіз жауды байқағаннан кейін олбірден өрт сөндірушілерге хабар беріп үлгереді. Ақыры, өз үйінен өздігінен шығаалмайтынын аңғарғаннан кейін есікті ашық қалдырған күйі балконға шығып, сырттажүргендерді көмекке шақыра бастаған.

«Мен ұлымның аузын дымқыл шүберекпен жауып қойдым. Барынша ауа жұтқанынқаладым. Бірақ, үйді көк түтін алып кеткеннен кейін демалудың өзі қиынға түсебастады. Жанымда 14 жастағы қызым бар еді. Күйеуім бұл уақытта Қарағандыданкеле жатқан. Қанша уақыттың өткенін білмеймін... Біраздан соң үйге полицияқызметкерінің кіріп келе жатқанын байқадым. Полицияны шақырмаған едім,сондықтан таңғалып қарап қалыппын. Құқық қорғаушы бәрімізді тыныштандырып,ешқандай қорғайтын киімсіз бізді сыртқа алып шықты. Сол күнді ойласам әлі күнгедейін жаным түршігеді. Тәртіп сақшысына алғысымды қалай білдірерімді білмеймін.Дінмұхамед секілді полицейлер көп болса деген тілегім бар. Оның қайсарлығы менкәсібилігінің арқасында біз қауіптен аман қалдық. Оның әріптесі де рация арқылыжағдайдың бәрін бақылауында ұстап отырды. Біз осы екі полиция қызметкеріне көпрахмет айтамыз», - деді Жанар Сәдуақасқызы.

Өрт кезінде қайсарлық танытқан полиция қызметкерлерінің есімі –Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті патрульдік полицияның полк қызметініңинспекторы, аға лейтенант Дінмұхамед Масадықов пен аға лейтенант Ернар Ақанов.

«Үйде кішкентай бүлдіршіннің барын білген кезде ең алдымен соны құтқарудыойладым. Себебі, ересек адамдар көк түтінге шыдас бергенімен, сәби оны көтереала ма!? Қолымнан келгенінің бәрін жасадым. Бәрі сәтті аяқталғанынақуаныштымын», - деді Дінмұхамед.

Соңғы жаңалықтар