«Жедел тестілеуге өте көп шағым түсетін сәттер де болды. Қазір біздің медициналық қызметкерлер қосымша оқудан өтті. Қосымша зертханалар тартылды. Егер карантин басында бір ғана зертхана жұмыс істесе, қазір олардың санын 8-ге жеткіздік. Сонымен бірге, бізге меценаттар да көмектесіп жатыр. Карантин басында тәулігіне 300 тест ғана жүргізілсе, қазір бір тәулікте 5 мың тест жасалады және бұл көлемді арттыру жұмыстары жалғасады», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 адам қайтыс болды.
Сонымен бірге, елорда ауруханаларына 200 өкпе желдету аппараты мен 500 флоуметрге тапсырыс берілді.