14 мамырда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы үй ауласынан айқайлаған дауыстарды естіген. Әскери жасақ бастығы Нұрдәулет Балтабаев патрульдегі Иван Душенин мен Нұрлан Бисенқұловпен бірге аулаға барып, ас үй пышаған ұстаған ер адамның көшедегі адамдарды қорқытып жатқанын көрген.
Әскери қызметшілер тәртіп бұзушыны тыныштандырмақ болған. Алайда, ол тәртіп сақшыларының заңды талабына құлақ аспаған. Кейін әскери қызметшілер күш қолданып, тәртіп бұзушыны ұстады.
Ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік топ бастығына оқиға туралы хабарлаған. Ол оқиға орнына келіп, мән-жайды анықтау үшін тергеу-жедел тобын шақырған.
1998 жылғы заң бұзушы Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілді.