«Вокзалға Ashyq жобасы арқылы мәртебесін анықтаған кез келген азамат кіре алады. Жолаушылармен қатар, шығарып салушылар мен күтіп алушы азаматтардың барлығын тек қана Ashyq жобасы арқылы қабылдайтын боламыз», - деді Батырхан Әбдікәрім.
Айта кетсек, Ashyq жобасы түстерге сәйкес жұмыс істейді. «Қызыл» және «сары» түсті көрсеткен адамдардың вокзалға кіруіне рұқсат жоқ.
Бұған дейін «Нұрлы жол» вокзалының өкілі 17 маусымда іске қосылатын Ashyq жобасының қалай жүзеге асатынын айтып берген болатын.