Нұр-Сұлтанда «Шығыс қырлары» фестивалі өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жетісу» саябағында «Шығыс қырлары» фестивалі өтті, деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

«Этнос күніне» орай өткізілгеніс-шара жыл бойы ұйымдастырылатын іс-шаралардың топтамасы. Бірнеше жылқатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі фестиваль елордада тұратын этностардыңсалт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге, этномәдени бірлестіктердіңжетістіктерін көрсетуге негізделген.


Шығыстың сан қырлы мәдениеті менкөз қызықтыратын сұлулығын, кавказдықтардың айбындылығын, еуропаныңталғампаздығын, славяндардың думанын аталмыш фестивальде корей, башқұрт, татар,ұйғыр, өзбек, қырғыз, күрд, дүңген және қарақалпақ этномәдени орталықтарыкөрсетті.


Қазақстан – көпұлтты мемлекет.Елімізде тұрып жатқан барлық халықтар тең құқылы және әр этностың тілін, ділін,дінін, тарихы мен мәдениетін ұмытпай, оны сақтап, көбейтуге жағдайжасалған.


Қазақстан қоғамдық келісім жәнежалпұлттық бірліктің әлемдегі теңдесі жоқ үлгісін қалыптастыра білді.Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан халықтар арасында жылы қарым-қатынас орнаған,өзара түсіністік нығайған, бір-бірімен сыйластықта және мәдениеті бітеқайнасқан.

Көрермендер фестивальдетеатрландырылған қойылымдар, фольклорлық және ұлттық ұжымдар өнерін, соныменқатар ұлттық әндер мен билерді тамашалады.


Фестиваль Корей этномәдениорталығы ұжымының концерттік бағдарламасымен басталды.

Соңғы жаңалықтар