Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда төрінде стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі және нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, нысана көздеуденжасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда.

Атап айтар болсақ, Нұр-Сұлтан,Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жасмергендері ел чемпиондығына таласады.

Ал стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысыпжатыр.

Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда жәнеПавлодар облыстарынан жиналған.