«Жеке батыр көшесіндегі TEQUILA бары бас санитар дәрігердің қаулысында белгіленген уақыт шектеуін ескермеген. Мобильді топ өкілдері сағат 01.40-та нысанға кіргенде мекемеде 70 клиент болған. Сонымен бірге арнайы топ сағат 02.19-да Қабанбай батыр даңғылындағы «Алания» караоке клубында да карантин талабының бұзылғанын анықтады. 20-дан астам келуші шекті уақыт біткеніне қарамастан нысанда көңіл көтерген. Қаулы талаптарына қайшы әрекетке жол берген мекеме иелерінің үстінен әкімшілік іс қозғау үшін матерал уәкілетті органға жіберілді», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің өкілдері кәсіпкерлерге карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы және сот шешімімен карантиндік шараларды сақтамауға байланысты қызметті тоқтата тұру мүмкіндігі туралы ескертіп отыр.