Нұр-Сұлтанда жаңа қала маңы бағдары іске қосылады
18:25, 30 Желтоқсан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында елордаға жақын маңдағы Талапкер кентінің тұрғындары жақсы жаңалық естіді – жаңа қала маңы маршруты іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT-ға сілтеме жасап.
Ертең, 2019 жылдың 31 желтоқсанында №326 жаңа қала маңы бағдары іске қосылады.
Бұл бағдардағы жүретін автобустар «Ақан сері көшесі» аялдамасынан Талапкер ауылына дейін қатынайды.
№326 бағдар Талапкер ауылындағы мына аялдамаларға тоқтайды: «М.Мәметова көшесі», «Әл-Фараби көшесі», «Достық көшесі» және «№4 модуль».
Маршруттың қозғалыс үлгісімен төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыздар.