Мерекелік отшашудың болмайтынын алдымен қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Кейін қалалық мәдениет басқармасынан «Жаңа жыл мейрамында отшашу болмайды» деген хабар жетті.
Айта кетсек, таяуда ғана Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтанда отшашу салтанаты өткізілді.
Фейерверк қаланың үш нүктесінен атылды және бұл шара демеушілер көмегімен ұйымдастырылды.
Еске сала кетсек, өткен жылы да елордада жаңажылдық отшашу болмаған еді.