Нұр-Сұлтанда «Жанұя» орталығы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл күзде елорда әкімдігінің жанынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыНұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Отбасылар форумында айтты.

«Отбасы дегендеойымызға ана түседі. Өйткені ол – ошақтың ұйытқысы. Анаға қолдау көрсетпей,отбасын қолдау мүмкін емес. Елордада тіркелген 96 мың жеке кәсіпкердің 50 мыңы әйелдер. Соңғы 4 жылда әйелдер ұсынған182 стартап жоба әкімдік тарапынан қолдау тапты», - деген әкімдік өкілі биыл күзде отбасынқолдау үшін құрылатын «Жанұя» орталығының қызметіне тоқталды.

«Қыркүйек айындаотбасыларды қолдауға арналған «Жанұя» атты орталық ашылады. Қазір онда жөндеужүріп жатыр. Бұл орталық әсіресе қиындыққа тап болған жанұяларға көмеккөрсететін болады. Басына ауыртпалық түскен аналарға оңтайлы болуы үшінкөрсетілетін қызметтің бәрі «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін болады.Орталықта балалардың ойын алаңы да қарастырылады. Ал аналарға құқықтық, психологиялық,медициналық тұрғыда көмек көрсетіледі. Кәсіп ашу, жұмыс табу, баспана алубойынша да нақты кеңестер беріліп, құжат рәсімдеу бойынша көмектеркөрсетіледі», - деді Бақтияр Мәкен.