Нұр-Сұлтанда жүрегі алмастырылғандардың веложарысы өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Сау жүрек айы» акциясы аясында велошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Оны «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚбазасында құрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Жарысқа 400-ге тарта адам қатысты. Олардыңарасында медицина саласының қызметкерлері, салауатты өмір салтын ұстанатындар,елордалық белсенді тұрғындар, сондай-ақжүрегі алмастырылған адамдар да болды. Олардың жүрегіне күрделі ота жасалғанынақарамастан басқалармен бірдей жарысқа түскені – Қазақстан медицинасыныңжетістіктерінің айғағы.

Жарыс алдында MOLDANAZAR тобывелошабандоздарды әсем әнімен жігерлендіріп алды. Ашық аспан астындағыконцертінен кейін музыканттар да қатарға қосылды. Жарыс соңында ұтыс ойыныөткізілді.

Жиналған қаражат кардиохирургия саласындағыбілім және ғылымды дамытуға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар