Ботаникалық саябақта барлығы 150 дана ағаш отырғызылды. Жалпы акция республика бойынша өтіп жатыр. Бүгін 5 мың ағаш отырғызылады деп күтіледі. Ағаштардың қатарында қарағай, қайың, құсшие және алма ағашы бар.
Бұл акция ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасы аясында өткізілді. Министрлік 5 жыл ішінде Қазақстандағы орман алқабтарында 2 млрд ағаш отырғызады. Бұл шара Қазақстанның барлық қалаларында жүзеге асады.
Айта кетейік, Қазақстанда 30 млн га орман алқабы бар. Орман алқабының үлкен бөлігі Қызылорда, Жамбыл олыстарына тиесілі.
13:35, 16 Қазан 2021
Нұр-Сұлтандағы ботаникалық саябаққа ағаш түптері отырғызылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.