Дауылпаз көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Майқайың көшесіне дейінгі көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін екі бағытта да жабық. Бұл Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі учаскеде басты нөсер кәрізі коллекторын салу жұмыстарымен байланысты.
Көлік қозғалысы үшін жабық учаскені айналып өту уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынады.