Нұр-Сұлтанға Сібірдегі орман өртінің түтіні тағы келуі мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сібірдегі орман өртіне байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ. Бұл туралы елорданың Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала болжағанымыздай, демалыс күндері Нұр-Сұлтандаауа райы тұрақталды. РФ Иркустк облысы мен Красноярск өлкесіндегі орман өртіненшыққан түтін Қазақстан аумағына келді. Ол біртіндеп тарай отырып Алматыоблысының солтүстік аудандарына дейін жетті. Атап өткім келетіні, бейсенбі-жұмакүндері астанада болған түтін адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ.Өйткені оның құрамында зиянды химиялық заттар болған жоқ. Оны жылда қысайларында Нұр-Сұлтанда болатын түтінге ұқсатуға болады. Бүгін, 30 шілде,сейсенбі күні - күн ашық. Елорда аумағындағы атмосферада зиянды заттар табылғанжоқ. Нұр-Сұлтанға түтін тағы да келуі мүмкін. Өйткені РФ аумағында 3 миллионгектар орман отқа оранды. Дегенмен, желдің соғуын және орман өртенген жер менҚазақстан арасындағы қашықты да ескерген жөн», - деді С. Байғабылов.

Оның айтуынша, ендігі жерде Сібірдегі орманөртінен шыққан түтін Қазақстан астанасына жетер-жетпес тарап кетеді. Түйіндейайтқанда, Нұр-Сұлтан тұрғындары Сібірдегі орман өртіне алаңдамауына болады.

Автор: Мейрамбек Байғарин

Соңғы жаңалықтар